«Ақтөбе-Орск» тас жолында 25 көлік тұрып қалды
«Ақтөбе-Орск» тас жолы бойындағы Әлімбет ауылы маңында 25-ке жуық көлік жиналып қалды. Қарға батып тұрған техникалар арасында «КАМаз» жүк көліктері, «Газель», жеңіл көліктер бар. 100-ге тарта адам 4 тәуліктен бері өздерімен бірге жолға алып шыққан ас-суын, жанар-жағар майды тауысқан. Иван өзіміздің қала тұрғыны. Ресеймен екі ортада жүк тасумен айналысады. Орсктен қайтып келе жатқан беті боранға тап болып, жүк көлігі күртік қарға батып қалған. Оның анасы жауапты қызметтер көмегінен күдер үзгенін айтады. Мән-жайды білмек болып, «Қазақавтожолы» мекемесіне хабарластық. Басшысы Әкімжан Өтемұратов ауа райының нашарлауынан жолды тазалау мүмкін болмағандығын жеткізді. Қазір «Ақтөбе-Орск» бағытының қарын аршуға 3 техника жіберіліпті. |
Количество показов: 2312
Дата создания: 22.01.2014 19:43:56