Ақтөбе облысында 745 ГА жер мемлекеттің меншігіне қайтарылды
Қожайыны бар, бірақ игерілмей бос жатқан миллиондаған гектар жерлер үкіметке қайтарылуда. Жерді мерзімінде игермесең, әуелі хат келеді, содан соң он есе салық салынады, соңында жерді қайтарып алады. Қысқасы, жерді алып еңбек етпесең, мемлекет меншігіне қайтарылады. Бүгінге дейін осындай 7,8 миллион гектар жер қайтарылған. Елімізде игерілмей және заңсыз берілген 7,8 миллион гектар ауылшаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды. Бұл шара мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы. Атап айтсақ, Қарағанды облысында- 738 мың, Түркістан облысында- 631 мың, Павлодар облысында-532 мың гектар жер бос жатқан. Ақтөбе де қалысар емес. Өңірімізде иесі бар, бірақ жылдар бойы игерілмей жатқан 745 мың гектар жер анықталды. Республикалық "Жер аманаты" комиссиясы негізінде әр өңірде тексеру топтары құрылған болатын. Оның құрамында билік өкілдері, прокурорлар мен құқық қорғау органдарының өкілдері бар.Тексеру жұмыстары жалғасуда.Бірінші кезекте ауылшаруашылық құрылымдары, шаруа қожалықтары мен серіктестіктер назарға ілікті. Шаруашылықпен айналысамын деп жер алған облыс тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Количество показов: 567
Дата создания: 23.08.2023 03:55:14