Ақтөбе облысы инвестиция тартуда «ашық есік» саясатына басымдық береді
Форумға келген инвесторлар өңірдің географиялық орналасуы, көлік инфрақұрылымы және бай табиғи ресурстар секілді артықшылықтарымен танысты. Облыс хром кен орындарының қорлары бойынша әлемде 2-орынды алады. Сондай-ақ, металлургия, химия, мұнай-газ салаларын дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Қазірдің өзінде өнеркәсіп- жалпы аймақтық өнімнің 40%-дан астамын құрайтын экономиканың негізгі күші. Ақтөбе облысы табиғи ресурстарға бай. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі облыс әкімдігімен бірлесіп жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде, келісімшарттар бойынша жыл сайынғы инвестициялар көлемі соңғы 3 жылда 50%-ға, 147 млрд теңгеден 216 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұдан басқа, өңірде 77-ге жуық қатты пайдалы қазбаларға толы бос кен орындары бар. Олардың қатарына алтын, никель-кобальт, титан-цирконий, хромиттер, марганец, фосфориттер, кир, битум, асбест, дала шпаты, тальк, кварц және қоңыр көмір сияқты кен орындары жатады. Министрлік елге инвестиция тарту мақсатында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне түзетулерді дайындады. Бұл түзетулердің мақсаты жер қойнауын пайдалану құқығын алу тәртібін жеңілдету және ауқымды геологиялық ақпаратқа қолжетімділікті жеткізу.Өңірде ұзақ жылдар бойы шетелдіктердің қатысуымен ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істеп келеді. Мысалы, қытайлық «CNPC-Ақтөбемұнайгаз»» және Sinopec, Орыс мыс компаниясы, Yildirim Group түрік холдингі, итальяндық Eni және басқа да компаниялар. Бұл қолайлы инвестициялық ахуал мен инвесторлардың үлкен сенімін көрсетеді. Форум барысында Arm Wind (ENI бөлімшесі) басшысы Алекс Стиллавато мен «Yildirim Holding» компаниялар тобының Ресей және ТМД елдері бойынша вице-президенті Метин Октай Ақтөбе облысында инвестициялық жобаларды іске қосу тәжірибесімен бөлісті. «Yildirim Holding компаниялар тобы 55 елде және 9 салада жұмыс істейді. Қазақстанда 2014 жылдан бері - Ақтөбе облысындағы «Восход» тау-кен металлургия кәсіпорнын сатып алғаннан бері жұмыс жасап келеді. Бүгінде өндірісте 1000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. 2022 жылдың өткен кезеңінде ғана 115-тен астам жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын жалақыны жылына екі рет көтереді.
Количество показов: 546
Дата создания: 07.12.2022 12:34:38