"Ақтөбе-Мақат" бағытында жаңа жылға дейін көлік қозғалысы жанданады
"Ақтөбе-Қандыағаш" 1-санатты тас жол. 4 жолақты, 2 бағытты болады. Жол бөлігін жарықтандыру да жобаға енгізілген. Жобаны жүзеге асыру 2023 жылға дейін жалғасып, 18 көпір мен 66 су өткізетін құбырлар қалпына келтіріліп, салынады. Бұдан өзге, Ақкемер ауылының жанынан жергілікті тұрғындардың өтінішімен мал айдайтын малөткел салынды, бұл жобада қарастырылмаған, деді Марат Махамбетов. Одан бөлек қазір облыс көлемінде бірқатар бағыттарда жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Ақтөбе-Мақат" 2-ші санатты жолдың бір жақ бөлігінде асфальт жабындысы төселіп, Атыраумен екі ортада көлік қозғалысы қысқа дейін жанданады. Екі өңір арасындағы жолды қалыпқа келтіру жобасын Азия даму банкі қаржыландырды. Ақтөбеден Қандыағашқа дейінгі бөлікте 1000-нан аса адам жұмыс жасап жатыр. Еңбекке облыс орталығы, Алға, Мұғалжар аудандарының тұрғындары тартылған. Барлығы 600 бірлік техника жұмылдырылды. Облыс әкімі жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз ету және оларды іске асыру мерзімдерін сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Количество показов: 610
Дата создания: 25.10.2021 18:01:55