Ақтөбе халықаралық әуежайы Алға қаласына көшірілуі мүмкін бе?
Бүгін- Халықаралық азаматтық авиация күні. 1944 жылы дәл осы күні Чикагода 52 елдің өкілдері халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қол қойған. Конвенция мемлекеттердің азаматтық авиация саласында ықпалдасуына берік негіз салды. БҰҰ бас Ассамблеясы халықаралық азаматтық авиация күнін 1996 жылы бекітті. Айтулы датаға орай Ақтөбенің әуе қатынасы қызметкерлерімен тілдесуге мүмкіндік туды. Бұл салада өңірде 500-ден аса маман жұмыс жасайды. Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы республика бойынша орташа сыйымдылықтағы терминалдардың қатарында. 7-ші желтоқсан бүкіл әлемде Халықаралық азаматтық авиация күні ретінде аталып өтеді. Биыл елде азаматтық авиацияның өсу көрсеткіштері біршама артқан. Барлық қалаларда әуе тасымалы бойынша жаңа бағыттар ашылып жатыр. Бұл тізімге Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы да кіреді. Биылдыққа алғаш рет Баку, Дубай, Пхукет, Орал қалаларына бағыттар ашылды. Келер жылы жаңадан тағы бес бағытқа ұшақтар ұшпақ. Әзірге олардың қай қалалар екендігі айтылмайды. Белгілісі екеуі халықаралық, қалған үшеуі ішкі бағыттар болады. Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың аты берілген халықаралық әуежайда бүгінде 500-ден аса маман жұмыс жасайды. Олар әуе агенттері, инспекторлар, авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері, әуе қызметі мамандары болып бөлінеді. Ұшқыш, бортсерік, кіші қызметкерлер санаты бар. Әуежайдан тәулігіне әуеге 18 ұшақ көтеріледі. Оның 9-ы халықаралық бағытқа қатынайды. Биыл 800 мыңнан аса жолаушы осы әуе қызметін пайдаланған.
Әуежайда Ақтөбе-Самара, Ақтөбе- Ташкент қалаларына бағыттар ашу мәселесі қазір шешіліп жатыр. Сондай-ақ, әуежайдың Алға қаласына көшірілуі төңірегінде де әңгімелер қозғалған. Бірақ бұл үлкен қаржыны талап ететін жұмыс. Дүниежүзілік әуе көлігі қауымдастығының алдағы жылдарға арналған авиациялық болжамы бойынша Қазақстан алдағы 20 жылда әлемдегі нарыққа кіреді және өсу қарқыны бойынша алғашқы жиырма елдің қатарына қосылуға мүмкіндігі бар. Соған сәйкес, халықаралық авиация ұйымдары да біздің еліміздің азаматтық авиациядағы ілгерілеуін барынша қарқынмен жалғастыратынын атап көрсетуде.
Количество показов: 550
Дата создания: 08.12.2022 14:29:59
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>