Ақтөбе кәсіпорындары Ресейден тұтынушы іздеуде
Индустрияландыру картасына енген жобалар іске қосылды. Алайда, жоспарлы өндірістік қуаттылығына жете алмай отыр. Отандық кәсіпорындардың өніміне неге сұраныс аз? Индустрияландыру картасына енген жобаларға атқарушы билік қандай көмек көрсетуде? Сауалдарға бүгін облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бастығы Марат Балмұқанов жауап берді. Қазір әр өңірдің экономикалық әлеуетін сол жергілікті жерде іске қосылып жатқан өндірістік нысандарға қарап бағалайтын кезең. Индустрияландыру картасына біздің облыс 74 инвестициялық жобаны енгізді. Құйылған қаражат та қомақты. Ол жобалардың жалпы құны- 517 млрд теңгеден асып жығылады. 2010 жылдан бері картаға енген 64 жоба іске қосылған. Ірі өндірістік нысандардың іске қосылуы және кәсіпорындарды модернизациялау оң нәтижесін беріп отыр. Соның арқасында облыстың экономикалық әлеуеті артып келеді дейді басқарма басшысы Марат Балмұқанов. Алайда көп нысанның ішінде 100 пайыз қуаттылықта жұмыс істей алмай отырғандары да бар. Мұны басқарма басшысы өнімді өткізу деңгейінің төмендігімен түсіндіреді. Мысалы, Шилісай кен орындағы минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттың құрылысы әлі де жылдық қуаттылығына жете алмай отыр. Отандық кәсіпорын аяқтан тік тұрып кету үшін қолдауды қажет етеді. Атқарушы билік қол қусырып қарап отырған жоқ. Облыс басшылығы көрші Ресейдің Калуга, Самара, Орынбор өңірлеріне жұмыс сапары барысында біздерде осындай өнім шығаратын зауыттар, кәсіпорындар бар, іскерлік орнатайық деп келді. Өнімді шетелге тасымалдау үшін сертификат керек. Біз сол сертификаттау жағынан көмектесіп жатырмыз, дейді Марат Балмұқанов. Облысымыздан индустрияландыру картасына енген 64 жобаның қазір тек 42-сі ғана 100 пайыз қуаттылықпен жұмыс істеп тұр. |
Количество показов: 2045
Дата создания: 28.10.2013 18:38:24