Ақтөбе көктемде суға кету қаупі жоғары өңірлер қатарында
Біздің өңір көктемде суға кету қаупі жоғары өңірлер қатарында. Қазіргі таңда облыс бойынша су басу қаупі басым 34 елді мекен бақылауға алынған. Ол жерлерде 12 мыңнан астам адам тұрады. Өткен жылы жаз, күз мезгілдерінде өңірді су тасқынынан қорғау мақсатында 50-ден астам іс-шара жүргізілген. Өңірде су тасқыны кезеңіне дайындық басталып кетті. Облыстық ТЖД басқарма бастығы Құмар Тұрмағамбетовтың айтуынша, биылғы жылда жауған қар мөлшері өткен жылға қарағанда едәуір көп. Демек, еріген қар суының мөлшері де жоғары болады. Бүгінгі күні су тасқыны қаупі бар ұзындығы 13 шақырым өзендерді тереңдету, жағалауды нығайту, арналарын тазарту бойынша жұмыстар, су бұру арнасын салу, бөгеттерді күрделі жөндеу, елді мекендердің айналасына су тоқтату үшін топырақ үю секілді жұмыстар жүргізілді. Техникаларға жанар-жағар май, инертті материалдар қорларын дайындау жүзеге асырылуда. Биыл облысқа мемлекет тарапынан төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 361 миллион 644 теңге теңге көлемінде қаражат бөлінген. Еске салайық, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстан су тасқыны кезеңіне әлі дайын емес екенін, әкімдіктер әлі де су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуына тек ресми түрде қарайтынын айтқан болатын. Бүгінгі таңда елімізде су басу қаупі бар 255 елді мекен бар. Көктемгі су тасқынымен күреске облыс бойынша 1500 , ел бойынша 35 мың адам жұмылдырылады.Количество показов: 681
Дата создания: 26.01.2023 13:08:48