«Ақтөбе» футболдан ел чемпионы
«Ақтөбе» футбол клубы еліміздегі ең мықты команда екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қобыланды батыр атындағы орталық стадионында өткен шешуші матчта "Ақтөбе" шымкенттік "Ордабасыны" қабылдап тең ойын көрсетті. Әйтсе де тең есеп жерлестерімізге әбден жеткілікті болатын. Соңғы ойынға футболшылардың тыңғылықты дайындалғаны көрініп-ақ тұр. Әйтсе де бірінші таймда жерлестеріміз аса белсенділік танытпады. Есесіне қонақтар ойынның 32-ші минутында есеп ашып үлгерді. Және бұл есеп 56 минут бойы өзгеріссіз сақталды. Матч аяқталуға тура төрт минут қалғанда, яғни 88 минутта Юрий Логвиненко есепті теңестірді. Жанкүйерлердің қуанышында шек жоқ. Екінші тайм әп дегеннен тартысты басталды. Арада бір минут өткеннен кейін «Ордабасы» сапынан Евгений Левин гол салып, шымкенттіктерді қайта алға шығарды. Ал төреші қосқан соңғы үш минутта Абат Әйімбетов есепті теңестірді. Тең ойын бізге жеткілікті болатын. Осылайша «Ақтөбе» жоғары ұпай көрсеткішімен ел чемпионы атанды. Чемпиондарды жеңісімен Қазақстан футбол федерациясының тете-президенті Сейділда Байшақовтың өзі құттықтады. Алтын медальдар бапкер мен футболшылардың мойнына бірінен соң бірі тағылды. Көп күткен алтын табақ "Ақтөбеге" төрт жылдан соң қайта оралды. "Ақтөбенің" биылғы жеңісі туралы айтқанда жартылай қорғаушы Эмиль Кенжесариевтің ойын өрнегін айтпай кету мүмкін емес. Соққысыға жығылған футболшы шешуші ойынға қатысып, командаластарының жеңісіне ортақтаса алмаса да әріптестері мен жанкүйерлері оны естен шығарған жоқ. Петр Бадло бастаған команда жеңісті Эмильге арнады. Қуаныштарын жасыра алмаған футболшылар бас бапкер мен шешуші матчты жанкүйерлермен бірге тамашалаған облыс әкімі Архимед Мұхамбетовті аспанға көтеріп, ризашылықтарын білдірді. Облыс әкімі бас бапкер Владимир Никитенконың бір жылдық еңбегіне жоғары баға берді. Сүйікті командасының қуанышына ортақтасып, жеңісімен құттықтаған облыс әкімі футболдан ел чемпионы атағын бесінші рет иемденген "Ақтөбе" клубы келер жылы Еуропа лигасында жақсы ойын нәтижесін көрсетуі тиіс деп мәлімдеді. Естеріңізде болса "Ақтөбе" чемпиондық атаққа соңғы рет 2009 жылы қол жеткізді. Команда қоржынында әзірге бес чемпиондық атақ пен екі екінші орын, екі Қазақстанның супер кубогы бар. Бұл жолғы жеңіске де жанкүйерлердің қосқан үлесі зор. Араға төрт жыл салып чемпиондық атағын қайтарып алған "Ақтөбенің" жеңісін жанкүйерлері әдеттегідей шерумен атап өтті. Шаттыққа толы шеру қала көшелерімен жүріп өтті. |
Количество показов: 2008
Дата создания: 04.11.2013 18:21:24