«Ақтөбе» ФК - 3 мәрте Суперкубок иегері
«Ақтөбе» футбол клубы үшінші мәрте Қазақстан Суперкубогының иегері атанды. «Астана-Арена» стадионында жексенбі күні өткен Суперкубок үшін матчта жерлестеріміз «Шахтер» футболшыларын 1:0 есебімен ұтты. Жеңіс голының авторы - біздің клубқа жақында ғана қосылған бразилиялық шабуылшы Данило Неко. Ойыннан кейінгі баспасөз-мәжілісінде клубтың бас бапкері Владимир Никитенко бұл жеңіске бүкіл команданың үлес қосқанын атап өтті. Кездесудің бірінші жартысында қос команда ойыншылары да гол салуға қауіпті сәттерді көп тудырғанымен, есеп ашылған жоқ. Тек екінші таймның 67 минутында Марат Хайруллиннің пасын сәтті қабылдаған бразилиялық шабуылшы Данило Неко «Шахтердің» қақпасына гол салды. Ақтөбеліктер осы басымдығын ойынның аяғына дейін сақтап қалды. Біздің команда бұл жүлдені осымен үшінші рет алып отыр. Бұған дейін "Ақтөбе" Суперкубокты 2008 және 2010 жылдары иеленген еді. Айта кеткен жөн, "Ақтөбе" мен "Шахтер" арасындағы матчты тамашалауға 14 мыңнан астам көрермен қатысқан. |
Количество показов: 1924
Дата создания: 11.03.2014 18:09:19