Ақтөбе 3 млрд теңгені республикалық бюджетке қайтарады
3 млрд теңге республикалық бюджетке кері қайтарылады. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс 17-ші сессиясында мәлім болды. Депутаттар алдында есеп берген облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашева қай саланың қаражаты игерілмей қалғанына тоқталды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 17-ші сессиясының күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды. Ол "2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашеваның айтуынша, бір ғана ауыл шаруашылығы басқармасы 500 млн-нан астам теңгені республикалық бюджетке қайтарып отыр. Облыстық мәслихат депутаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына мән-жайды түсіндіріп беру үшін депутаттық сауалдарын жолдады. Облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалованың айтуынша, республикалық бюджетке кері қайтарылған 3 млрд теңгенің 800 млны- мемлекеттік сатып алулардан үнемделген қаражат. Бұл жақсы көрсеткіш. Және бұл үшін қаржы министрлігінен мақтау естіп, ескерусіз қалмайтынымызды құлағдар етті. Ал, бюджетке бейқамдық жасағандардың мәселесі тәртіптік кеңесте қаралатынын ескертті. Мәслихаттың кезектен тыс отырысынан соң депутаттар әріптестері, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Қуаныш Сұлтановпен кездесті. |
Количество показов: 2249
Дата создания: 03.12.2013 19:27:38