Аңшылық маусымы жабылды
15 ақпанда қоян, қабан, түлкі секілді аңдарды аулау маусымы аяқталды. Бұл қысқы кезеңнен соң, көктемгі құс ату маусымы басталуы қажет. Бірақ, бұдан 3 жыл бұрын 2016 жылы ҚР ауылшаруалығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау комитеті елімізде көктемгі аңшылық маусымын заңды түрде алып тастады. Енді аңшылар суыр аулау маусымы басталғанда ғана мылтықтарын оқтайды. Ол 14 маусымда басталады. Көктемде аң аулауға тыйым салуға құстардың азаюы себеп болған. Бұл кезеңде құс ату - ұя салушылардың көбею процесіне кері әсер етеді. Бірақ, мамандар мен аңшылар бұған келіспейді. "Көктемгі аңшылық маусымына тыйым салғанмен, құс көбеймейді",- дейді олар. Ал, құзырлы органдардың мәліметінше көктемгі аңшылыққа тыйым салғалы құстың саны көбейген. Бірақ, жергілікті мамандар оны жоққа шығарып отыр. Алексей Гогельдің айтуынша жылдан жылға құстардың ұялайтын су тоғандардарының саны азайып, өзен-көлдер тартылып жатыр. Мамандардың айтуынша көктемгі аңшылыққа заңды қатаңдатудың қажеті жоқ. Оған тек жағдай жасау қажет. Облыста көктемгі аңшылық маусымы сәуір айынының бірінші жартысында басталады. Ол 10-15 күнге созылады.
Количество показов: 1578
Дата создания: 18.02.2019 18:16:35