Ағайынды Жұбановтар көшесі №304-үй жылитын емес
Сақылдаған сары аязда Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі 304-үйдің тұрғындары суық пәтерлерде отыр. Халық қаражат жинап, жылу тарататын ортақ құбырды, пәтерлер ішіндегі батареяларды ауыстырған. Соның өзінде, пәтерлер жылитын емес. Гүлзия Сағиева бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан бұл пәтерден бірнеше жыл бұрын көшіп кеткен. Қазір оны жалға береді. Қыс түскелі үй босап тұр. Өйткені, жалдаушылар салқын пәтерде көп тұрақтамайды. Гүлзияның пәтерінен екі қабат жоғары тұратын қария Анастасия әжейдің үйі де суық. Бүгінгідей аязды күндері бөлмелер қақап кетеді. Кейуана қалың киініп, көгілдір отынды жағып, амалдап жүр. Бірнеше қыс бүрсеңдеп отырған пәтер қожайындары былтыр ақша жинап, жалпыға ортақ жылу құбырын алмастырған. Барлық үйдің батареялары жаңартылды. Бірақ, осы қысты қамсыз өткіземіз деп отырған жұртшылықтың айтқаны болмады. Құбырлар жылыған жоқ. Кеше тұрғын үй инспекциясы мен "Трансэнерго" мекемесінің мамандарынан құралған комиссия үйдің жертөлесінен бастап, жылу таралатын жүйелердің бәрін тексеріп шыққан. Осы үйге жауапты "Жанар және Б" пәтер иелері кооперативінің төрайымы Базаргүл Құлниязованың айтуынша, комиссия үйден құдыққа дейінгі аралықтағы құбырды алмастыру керек деп шешті. Бұдан басқа, ПИК жетекшісіне жылу құбыры балконға дейін шығарылған пәтерлерді, едендері жылытылатын үйлерді анықтау жүктелген. Ал, тұрғындарға үй ішіндегі жылу құбырларын диаметрі үлкеніне ауыстыру керек деген ұсыныс жасалыпты. |
Количество показов: 2894
Дата создания: 03.02.2014 18:17:09