Ағаш егуден хабарсыз 6 орманшы жазаланды
Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы өткен жылды қорытындылады. Мамандардың айтуынша, өткен жылы 725 га жерге ағаш егілген.Ағашты отын қылатындар қатары азайған. Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясындағылар мұны соңғы уақытта кейбір ауылдық жерлерге көгілдір отын тартыла бастағандығымен,қоғамда қоршаған ортаны қорғау мәдениеті қалыптасып келе жатқандығымен байланыстырады. Өткен жылы бірде-бір заңсыз ағаш кесу дерегі тіркелмеген. Өрт оқиғалары да сиреген. Ағаш егудің қыр-сырын білмейтін алты орманшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Міндеттерін дұрыс атқара алмағандарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Облыс аумағының 203 мың гектары - мемлекеттік орман қорына жатады. Биыл аталған аумақты көгалдандыруға қазынадан 3 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Егілген ағаштың дені -қарағай. Орман шаруашылығындағылар көп ағаштың ішінде біздің өңірдің ауа-райына шыдамдысы, жерсінгіші - осы өсімдік дейді. |
Количество показов: 2144
Дата создания: 28.01.2014 19:07:35