9 пәтерлі үй өртеніп кетті
Локомотив көшесіндегі қаз-қатар орналасқан барақ үй бір сәтте күлге айналды. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ресми ақпараттарда 8 пәтер жанып кетті делінсе, көршілері тоғыз үй өртенді деп отыр. Абырой болғанда, тұрғындардың бәрі-дін аман. Апат кеше түскі 12-лер шамасында болған. Қызыл жалын әуелі үйдің шатырын шарпыған. Ескі үй болғанымен, әркім жағдайына қарай, үйлерін кеңейткен. Араларында баспанасына жақында ғана жөндеу жасағандары да бар екен. Тұрғындардың өрт сөндірушілерге өкпесі қара қазандай. Айтуларынша, көліктерінде су таусылып қалып, кері бұрылуға мәжбүр болған. Тұрғындар олар жеткенше, қарап отырмай, қолдарынан келгенше қызыл жалынды өздері сөндіруге кіріскен. Ал, төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт шарпыған аумағы 400 шаршы метр. Өрт сөндіру жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 61 адамы мен 10 бірлік техникасы жұмылдырылған. Қазір өрттің себептері анықталып жатыр. Тұрғындар электр желісінің қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін деген болжамдарын айтып отыр. Барар жері жоқтары ағайындарын паналап кетті. Шарасыздары жиналып, жергілікті атқарушы биліктен көмек сұрап жүр. |
Количество показов: 1896
Дата создания: 11.03.2014 18:11:04