9-класс оқушыларының білімі тексеріледі
Сәуір айында 9-сынып оқушылары оқу жетістігін сырттай бағалау сынағынан өтеді. Ақтөбе облысында бұл тестті білім министрлігінің таңдауы түскен 38 мектептің шәкірттері тапсырады. Барлығы - 1 мың 584 жеткіншек. Сәуірдің 10, 14 және 18-і күндері бүкіл ел бойынша 9-сынып оқушылары сабақтан босатылып, компьютерлік тестілеуден өтеді. Біздің облыста бұл сынақ 38 мектепті қамтиды. Бақылаудан өтетін оқу орындарын білім министрлігі таңдайды. Оқушылар 2 сағаттың ішінде қазақ тілі, география, дүние жүзі тарихы және химия пәндері бойынша 80 сұраққа жауап берулері тиіс. Тапсырмалар оқу бағдарламасы негізінде жасалады. Шәкірттері нашар нәтиже көрсеткен білім ордалары бұрын кезектен тыс аттестациядан өтетін еді. Осы жылы тиісті балды жинай алмай қалған оқушыға да, ол оқитын мектепке де ешқандай шара қолданылмайды. Министрліктегілер тек мектепте берілетін білімнің сапасын анықтап алмақ. Оқушылардың білім көрсеткіштерін тексеріп қана қоймай, болашағын айқындап беретін сынақ - ұлттық бірыңғай тестілеу. |
Количество показов: 2093
Дата создания: 28.03.2014 19:06:08