85 жастағы кейуана автобус астына түсіп мерт болды
Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргінші №29-шы бағыттағы қоғамдық көліктің астына түсіп, мерт болды. Жол апаты бүгін таңғы сағат ондар шамасында Некрасов көшесінің бойында орын алды. Жол апатынан көз жұмған 85 жастағы зейнеткер әйел. Кейуана автобус облыстық салық басқармасы маңынан өте бергенде жүргізуші отырған жақтан жүгіріп шыққан. Жүргізуші рөлді бұрып, адам баспауға әрекет жасағанға ұқсайды. Көлік бағытын өзгертіп тұр. №29-шы бағытты автобус "Автопарк" ЖШС-не қарасты. Кондуктор мұндай тосын оқиғаға алғаш рет тап болғандарын айтады. Ал жол апатын өз көздерімен көрген куәгерлер енді белгіленбеген жерден өтер алдында жақсылап ойланатын болды. Криминалдық полиция қызметкерлері жол апатына кінәліні анықтауы тиіс. Автобустың жылдамдығы шамадан тыс асырылды ма, жоқ па, апаттың алдын алуға болар ма еді. Осы мәселелер тексерілмек. Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы салдарынан жол-патрульдік полиция қызметкерлері Некрасовпен қиылысып жатқан көшелерде түске дейін көлік қозғалысын уақытша тежеуге мәжбүр болды. |
Количество показов: 2533
Дата создания: 11.02.2014 19:04:15