80 жастағы қария мүгедек ұлына медициналық көмек көрсетуді сұрайды
80 жастағы қала тұрғыны Владимир Божковтың өзі аяғын әрең басып жүр. Ол дерт дендеген ұлының жалғыз тіреніші. Баласының өз отбасы жоқ. Әйелімен ажырасып кеткен. Ақыры зейнеткер әкесіне қалыпты. Арасында көршілер келіп, көмектесіп тұрады, дейді қария. 51 жастағы ұлы былтыр 26-желтоқсанда инсульт алып, облыстық жедел жәрдем ауруханасына түскен. Содан бері оң аяғы мен оң қолы жұмыс істемейді. Биыл 6-қаңтарда баласын ауруханадан шығарған. Дәрі-дәрмек тағайындап, "Дәру" оңалту орталығына жатқызу туралы нұсқаулық берілген. Алайда, учаскелік дәрігер жолдама бермей отыр, дейді қария. №2 қалалық емхана басшылары науқас Божковтың жағдайымен жақсы таныс. Үйіне де барған, тегін дәрі-дәрмектерін де берген. Бірақ заң бәріне бірдей. МӘМС қорына науқастан аударым жасалмаған. Медициналық сақтандыру мәртебесін 25-сәуірде ғана алды. Енді "Дәру" оңалту орталығынан жауап күтеміз, дейді ақ халаттылар. Кейін мүгедек статусын беру үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолданбақ. Дәрігерлер МӘМС жүйесінде әлі күнге дейін сақтандырылмаған тұрғындар бар екенін айтады. Олар ақысыз қызметтен тыс қалады. Сақтандырылмағандардың дені-тұрақсыз төлеушілер. Олар үшін медициналық қорға қандай да бір аударымдар мен жарна түспеген. Соның салдарынан жүйеде қарызы көбейіп, мәртебесінен айырылады,дейді дәрігерлер. Ай сайынғы төлем жасайтындарға ғана тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Количество показов: 612
Дата создания: 12.05.2022 17:42:25