67 жастағы зейнеткер өзінің тірі екенін растай алмай жүр
Халыққа қызмет көрсету орталығының деректер базасында өлген адам ретінде тіркелген Светлана Меркулова азаматтық құқығының тапталғанына наразы. Екі айдан бері оның есепшотына зейнетақысы түспеген. Оған қоса банк депозитінде сақтаған ақшасы да жоқ болып кеткен. Халыққа қызмет көрсету орталығындағылар қателік облыстық полиция департаментінің мамандары тарапынан кеткенін айтты. Ал, департаменттің баспасөз қызметі аталған мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты. Светлана Меркуловаға қатысты сот сараптамасының қорытындысы екі аптадан кейін ғана дайын болады. Алайда, зейнеткер өзін өлі деп тіркеп, құқығын таптағандарды анықтап, жазаламақ ниетте. Сол үшін «Астана» аудандық прокуратурасына арызданып та қойған.
Количество показов: 794
Дата создания: 16.06.2022 19:00:35