6655 әскери бөлімінде жөндеу жұмыстарын жүргізген құрылысшылар бірнеше айдан бері еңбек ақыларын алмаған
6655 әскери бөлімінде жөндеу жұмыстарын жүргізген құрылысшылар бірнеше айдан бері еңбек ақыларын алмаған. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жұмысшыларды "КСМК" ЖШС Ақтөбе филиалы жалдаған. Алайда, жұмыс берушімен жұмысшы арасында ешқандай келісімшарт болмағандықтан құрылысшылар қаражаттарына қол жеткізе алмай жүр. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, нәпақаларын тауып жүрген құрылысшылар былтырғы жылдың сәуір айында "КСМК" ЖШС Ақтөбе филиалының тапсырысымен 6655 әскери бөлімінің казармасында жөндеу жұмыстарын жасауға жалданған. Көп қабатты ғимаратты толығымен әрлеп, электр, су желісіне дейін жүргізіп берген 30-ға тарта жұмысшы бастапқыда атқарылған жұмыстарының ақысын қолма- қол дер кезінде алып жүрген. Алайда, жұмыс беруші компания ағымдағы жылдың қаңтар айында құрылыс материалдарының бітіп қалғанын сылтауратып, жұмысшыларды уақытша ақысыз демалысқа таратып жіберген. "КСМК" ЖШС Ақтөбе филиалының құрылысшыларға бережақ ақшасы - 9 млн теңгеге жуықтайды. Үш айдан бері компанияның табалдырығын тоздырған жұмысшыларға басшылық бос уәде беріп қана келеді. Ал, құзыретті органдарға жүгінетін қолдарында дәлел құжаттары жоқ. Яғни, екі тарап өзара еңбек келісімшартын жасаспаған. Құрылысшылардың мәселесімен облыстық еңбек инспекциясы басқармасына жүгіндік. Басқарма өкілі атқарылған жұмыстардың актісі болса, арыз жазып, мәселені шешуге болатынын айтты.
Зардап шеккен азаматтар "Ганиев", "Су15", "Жаслан" жеке кәсіпкерліктерінің жұмысшылары. Құрылысшылар мәселені сотқа жеткізбей бейбіт келісіммен шешуге ниетті. Алайда, жұмыс беруші тарап жауаптан жалтарып, бос уәде беруін доғармаса, сотқа жүгінгеннен басқа амал жоқ, дейді.
Количество показов: 906
Дата создания: 12.04.2022 18:42:13
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>