60 жастан асқандар ревакцинациядан өтеді
Өткен жылдың ақпан айынан бастап облысқа 1 миллионнан астам доза вакцина жеткізілген. 377204 адам короновирус індетіне қарсы әртүрлі вакциналардың бірінші компонентімен егілген. Вакцинаның екінші компонентін алғандар саны да осы шамалас. Жалпы облыс тұрғындарының 71 пайызы вакцина алды. Сондай-ақ күз айларынан бері 32 мыңнан астам адам ревакцинацияланыпты. Облыста 2 мыңнан астам жас босанған келіншек, емізулі баласы бар жас аналар "Пфайзер" вакинасына егілген. Ал 16-18 жас аралығындағы 4582 жасөспірімге де дәл осы вакцина салынған. Ал, "Пфайзер" вакцинасының екінші компонентін алып үлгерген балаларды ревакцинациядан өткізу туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ.
Количество показов: 725
Дата создания: 13.01.2022 19:20:56