50 ақтөбелік ер азамат әскерге аттанды
Ақтөбелік бозбалалардың бір тобы бүгін Отан алдындағы міндетін атқару үшін әскерге аттанды. 50 сарбаз бір жылдық әскери борышын Алматы, Жамбыл облыстарындағы әскери бөлімдерде өтейді. Оларды бүгін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті алаңында ата-аналары, достары мен туыстары шығарып салды. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысы Қасым Сүндетовтың айтуынша, қазір әскер қатарына сұранушы жігіттер көп. Бірақ, денсаулықтары жарамайды. Майтабан, салмағы аз, көзі нашар көретін ұлдар әскерге жіберілмейді. Күзгі шақырту науқанында әскерге Ақтөбеден 600 жігіт алынуы тиіс. Сарбаздардың алғашқы легі қазан айында республикалық "Ұлан" гвардиясына жөнелтілген. |
Количество показов: 2003
Дата создания: 07.11.2013 17:51:13