5-мөлтек ауданындағы көпір екі күнге жабық.
Қала халқы көбейген сайын көлік саны да артып, жол кептелісі ауыздық атаулыға көнер емес. Бүгін шаһарымыздың "Астана" ауданында кептеліс. Себеп-5-ші мөлтек ауданындағы көпірдегі құрылыс жұмыстары. Тұрғындар бұл көпірдің жыл сайын жамалатынын айтып наразы. Көпірді жабатыны туралы хабарландыру болмаған,-дейді ақтөбеліктер. Кесірінен жұрт діттеген жеріне жете алмай әлек. Қалада жолдар жабылғандықтан автобустар бағыттарын өзгертіп, көпірді айналып өтуге мәжбүр. Соның кесірінен көшелерде апаттық жағдайлар да орын алуда. Әрі аялдамалар бағыты өзгерген соң да автобустарда маршрутын өзгерткен. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары жолды ертең кешкі 8 де ашатынын айтады. Тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырып, уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды. Қаланың негізгі көшелерінің бірі Әлия Молдағұлова даңғылының бойында болып жатқан кептеліс ертең де болады. Себебі 5ші мөлтек ауданындағы көпірді коммуналдық қызмет кешкі 8 де ашуды жоспарлап отыр. Әрине құрылыс жұмыстары уақытында аяқталса. Әзірше жолдағы қозғалысты патрульдік полиция қызметкерлері реттеп отыр.Количество показов: 516
Дата создания: 04.11.2023 01:34:57