5 аурухана мемлекеттік аккредитациядан сәтті өтті
Ақтөбе облысындағы алты медициналық мекеменің бесеуі мемлекеттік аккредитациядан сәтті өтті. Байғанин, Мәртөк, Шалқар, Ойыл аудандық орталық ауруханалары мен Қарғалыдағы "Медикус" орталығының жұмысын сарапшылар тобы жақсы деп бағалаған. Ал, Алға қаласындағы аурухана белгісіз себептермен денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізімде жоқ. Ауруханалар мен емханаларды, медициналық орталықтарды аккредитациялау шарасы біздің елде 2009 жылдан бері жүргізіледі. Бұрын емдеу мекемелерінің қызмет сапасын облыс мамандарынан құралған сарапшылар тобы бағалайтын болса, биыл тексерушілер сырттан, яғни өзге өңірлерден келген. Аккредитациядан өткендігін растайтын құжат медициналық мекемелерге екі және төрт жылға беріледі. Мерзім өткен соң, емдеу нысаны қайта аккредитациялануы тиіс. Біздің облыста 28 мемлекеттік медициналық мекеме бар. Олардың 16-сы 4 жылдық жарамдылық сертификатын алған. Жыл соңына дейін сапа тексерісі Темір, Қобда ауруханалары мен №3 қалалық емханада жүргізіледі. |
Количество показов: 2139
Дата создания: 22.11.2013 19:22:07