5-қабаттан құлаған 2 жасар қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр
Осыдан 2 күн бұрын 5-ші қабаттағы пәтер терезесінен құлаған 2 жасар қыздың жағдайы ауыр. Бұл туралы бүгін облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Джапахов айтты. Бала ас әзірлейтін бөлменің терезесіне үстелді басып шыққан. Ол кезде анасы көрші бөлмеде болып, қызынан көз жазып қалған.Жаз шыға көп қабатты үйлерде пәтерлерін самалдандыру үшін тұрғындар терезе- есіктерін жиі ашық қалдырады. Ал шыбын-шіркейден қорғайтын маскитті торлар өте әлсіз. Полиция қызметкерлері ата-аналардың балаларына аса сақ болуын ескертеді.
Количество показов: 768
Дата создания: 31.03.2023 11:40:19