41-бекетте жол, қоғамдық көлік, бұралқы иттер мәселесі өзекті
Бүгін "Алматы" ауданының әкімі Абат Көбенов "Жарық- 1", "Жарық-2" және 41-бекет тұрғын алаптарының халқымен кездесті. Қаланың бұл бөлігіндегі мәселенің ең үлкені- жол. Жергілікті халық автобустың жеткіліксіздігін, аялдамалар атымен жоқ екенін, бұралқы иттің қаптап кеткенін айтып, наразылықтарын білдірді. 41-ші бекет пен қала арасына 14-ші бағытты автобус қатынайды. Қоғамдық көлік араға жарты сағат салып қатынауы тиіс. Алайда бұл тәртіп сақталмайды, дейді тұрғындар. Жолаушылар автобустарды кейде сағаттап күтуге мәжбүр. Ал аялдамалар мұнда атымен жоқ. Бала-шаға көшеге шығуға да қорқып қалған. Бұралқы иттер үй арасында қаптап жүреді. Мәселе, автобусқа отырғызатын жүргізушінің жоқтығында көрінеді. Жол түзелмей, олар бұл жаққа қатынағысы жоқ. Аудан әкімі Абат Көбенов "Жарық-1","Жарық-2", 41-бекет тұрғын алаптарына қатынайтын қоғамдық көліктердің жүру кестесі қатаң бақылауға алынғанын айтты. «Автопарк» ЖШС-не тиесілі №14 бағытта күнделікті 6 дана «Паз» маркалы орта сыйымдылықты автобустар қатынауда. "Жарық-1" ауылында 6,7 шақырымды құрайтын, ал "Жарық-2" тұрғын алабында 9,8 шақырымдық жол салынады. Құрылыстың жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Жобада тротуар, көшені жарықтандыру, аялдамалар, суағарлар, жол белгілері қамтылған.
Ал 41-бекет жолы жөнделіп бітер емес. Бұл жерде жұмыс 2 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп жатыр. Шаң жұтып отырған халық бұл жолдың мәселесін айта-айта әбден шаршаған. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Рүстем Төреғалиев аталған жол қыркүйекке дейін асфальтталады , деп уәде етті. Ал жыл соңына дейін жаяу жүргіншілер жолы салынып, көшеге жарық жүргізілетінін айтты.
Мамыр, маусым айларында "Жарық-1","Жарық-2", 41-бекет тұрғын алаптарында көшелерді тегістеу жұмыстары жүргізілді. №41-ші мектеп аумағында тротуар салынған. "Жарық" тұрғын алабында дене шынықтыру- сауықтыру кешенін, мәдениет үйін салу жоспарланған. 41-бекетте балалар ойын алаңдары орнатылды. Сондай-ақ, 28 көшені жарықтандыру жоспарға енгізілген.
Количество показов: 705
Дата создания: 10.08.2022 20:03:17
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>