40 өрт сөндіруші ант қабылдады
Өрт сөндіру қызметі жаңа 40 маманмен толықты. Жас өрт сөндірушілер бүгін елге адал қызмет етуге ант етіп, ресми түрде жұмыстарына кірісті. Ант қабылданған 40 қызметкердің бірі - Әділбек Қопанов. 25 жастағы жігіт Байғанин ауданындағы өрт сөндіру бөліміне аттанып барады. Жоғары білім алып, әскери міндетін орындаған соң, Әділбек бала жасынан армандаған өрт сөндіру қызметіне жұмысқа тұрды. Жұмысқа алынбас бұрын бұл жігіттер 45 күн оқытылған. Бірнеше апта тәжірибеден өтті. Бойы 170 см-ден жоғары, дені сау, спорттық дайындығы мықты азаматтар емтихан тапсырды. Сынақтан сәтті өткендері бүгін өрт сөндірушілердің қатарын толықтырды. Келесі жылы қалада Сәңкібай батыр даңғылының бойында жаңа өрт сөндіру бөлімі ғимаратының құрылысы басталады. Ол кезде бөлімге 60-қа жуық жаңа кадр қажет болады. |
Количество показов: 2216
Дата создания: 27.11.2013 18:53:56