"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы 2016 жылдың соңында жұмысын бастады. Бүгінге дейін ақтөбеліктер ХҚКО-нан 4,6 млн-нан астам мемлекеттік қызмет алған. Соңғы 3 жылда азаматтарға онлайн тәртіпте мемлекеттік қызмет алу жүйесі үйретіліп жатыр. 2016 жылдан бері 745 мыңға жуық тұрғын электронды цифрлық қолтаңба рәсімдеген. Корпорация қызметкерлері 10 мыңнан астам қызметті азаматтардың үйлеріне барып көрсеткен. Қазір 752 мемлекеттік қызметтің 600-ден көбі мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі. 500-ден астам қызметті электронды түрде алуға мүмкіндік бар. Филиалда зейнетақы, жәрдемақыларды есептеу жұмыстары да жүргізіледі. 88 мыңнан көп зейнеткерге базалық зейнетақы төлемдері қайта есептеліп, төленген. Өңірдегі банктермен және Қазпошта арқылы жүзеге асырылады. Көлікті онлайн тіркеп, жүргізуші куәлігін онлайн алуды да халыққа осы корпорацияның мамандары үйретті. 3 жыл ішінде ХҚКО арқылы 235 мыңнан астам көлік тіркеліп, 68 мың ақтөбелік жүргізуші куәлігін рәсімдеген. Мемлекеттік корпорация жер қатынастарына қатысты да қызметтер көрсетеді. 3 жылда көлемі 1 мың гектардан астам жер тексеріліп, карталардың электронды нұсқалары жасалған. Игерілмеген ауыл шаруашылығы жерлерінен мемлекетке келген 144 млн. теңгеден көп шығын анықталды.
Азаматтарға арналған үкіметте "Paper free" арқылы электронды анықтамалар алуға болады. Қазір облыста 18 фронт-кеңсе, мамандандырылған ХҚКО, көші-қон қызметі бар.
Количество показов: 1034
Дата создания: 29.04.2019 18:36:53
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>