3 жастағы сәби бақшаның терезесінен құлап кетті
"Нұр Зерек" балабақшасының тәрбиеленушісі ғимараттың екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Оқиға сәрсенбі күні болды. Бас-миы шайқалып, бір аяғы екі жерден сынған. Қазір бала облыстық балалар ауруханасының жарақат бөлімінде жатыр. Жағдайы қалыпты. «Нұр Зерек» балабақшасындағы оқыс оқиға түстен кейін, сәбилер түскі ұйқыға дайындалып жатқанда болған. Дәл осы сәтте топтағы 22 баланы бір тәрбиеші қарап отырған. Мектепке дейінгі мекеме басшысының мәліметінше, бақшада ішкі тексеру жүріп жатыр. Қазір дерек бойынша облыстық полиция департаменті тергеу шараларын бастаған.
Количество показов: 1329
Дата создания: 26.07.2019 18:27:49