29 шы қыркүйек дүниежүзілік жүрек күні.
29 шы қыркүйек дүниежүзілік жүрек күні. Міндет-жүрек қан-тамырлар жүйесі аурулары, олардың пайда болу себептері мен алдын-алу жолдары туралы хабардар ету. Бүгін кардиологтар адам ағзасының моторы-жүректі қалай күту керектігін айтты. Профилактикалық жұмыстарға тоқтап, жүрек жетіспеушілігінен болатын аурулардың алдын қалай алу керектігі туралы айтты. Мамандар жүрек сау болу үшін- стресске көп түспеу керектігін айтады. Дұрыс тамақтанып, көп қимылдап, 7-8 сағаттан кем ұйықтамауға кеңес беруде. Уақытында артериялық қан қысымын өлшеп тұруды әдетке айналдыру керек. Кеуде тұсыңыз ауырып, шаншып сыр берген жағдайда, бірден дәрігерге жүгініңіз,-дейді мамандар.Сонымен қатар кез-келген науқас порталға тіркелу арқылы жүрек емін тегін ала алады. Ол үшін тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша учаскелік дәрігеріңізге барасыз. Тексерістен өткеннен соң тиісті ем-домын да жазатын дәрігер. Әйтсе де, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген жөн. Салауатты өмір салтын ұстанып, үнемі жақсы ойда жүру де сау жүректің кепілі. Жыл сайын шамамен 500 ақтөбеліктің жүрегіне ота жасалады екен.Количество показов: 404
Дата создания: 27.09.2023 00:10:12