28 жастағы мүгедек жігіттен туыстары сырт айналды
Қыстағы боранды күндердің бірінде далада адасып, екі аяғын бірдей үсіріп алған Ермек Ақмамбетовтен туған-туыстары сырт айналды. Облыстық жедел жәрдем ауруханасы, жарақат бөлімінің 12-ші палатасы Ермектің қыстан бергі панасы. Кереуеттің жетіспеушілігінен болар жігіттің астындағы аурухана кереуетін өзге науқастарға беріп, дәрігерлер оны тақтай төсекке орналастырыпты. Ауруханаға түскелі бері даланы көрмеген. Қол арба Ермекке тек дәретханаға бару үшін уақытша беріледі. Мұнда Ермектің қажет уақытында жуынып-шайынуына да жағдай жоқ. Себебі Ермек толық емдеу курсынан өтті, ал дәрігерлер өзге науқастармен әуре. Дәрігерлер Ермек толық емдік курсты алды, енді оның ауруханада қалуына негіз жоқ деп отыр. Ермек Родниковка ауылының тумасы. Өзінің айтуынша әке-шешесі жоқ. Ал әкесі және шешесі жағынан туған-туыстары ауылында да, қалада да бар. Бірақ, олар мүгедек жігіттен теріс айналған. 27 және 23 жастағы туған екі інісі осы қалада ауыр жұмыстарға жалданып, пәтер жалдап, нәпақасын тауып жүр. Олар да ағаларын қамқорлыққа алуға сыңай танытпаған. Бүгін жағдайды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылығына жеткіздік. Олар қолдан келген көмекті жасаймыз деп отыр. |
Количество показов: 1996
Дата создания: 17.04.2014 18:38:54