Биылғы жылдың 2-тоқсанындағы статистикалық деректер бойынша, облыста жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Яғни, 21,2 мың ақтөбелік жұмыссыз. Оның ішінде 7 мыңнан астам адам ауылдық жерлерден. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы кешенді шаралар атқаруда. Нәтижесінде жыл басынан бері 31 мыңнан астам ақтөбелік тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған. Халықты жұмыспен қамту деңгейін арттырып, тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында облыста "Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы" жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында атқарылып жатқан шаралар мен олардың оң әсері жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз жиынында айтылды. Журналистер сауалына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асланбек Шүйіншалиев жауап берді.
Сондай-ақ, "Бастау Бизнес" жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 947 адам жіберілді. Бизнес идеяларын іске асыруға 15 адамға 18,4 млн теңге қайтарымсыз грант берілді. Олардың басым бөлігі жастар. Бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді www.enbek.kz республикалық сайтынан табуға болады. Қазір аталған сайттың "Жұмыс" порталында 1331 жұмыс беруші ұсынған 6403 бос жұмыс орны жарияланған. Сонымен қатар өңірде жүйелі түрде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері ұйымдастырылған 35 жәрмеңкеге 1302 адам қатысқан. Кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ертең, яғни 19 тамыз күні сағат 10-00-де Некрасов көшесі 112-үй мекенжайында өтеді.
Количество показов: 833
Дата создания: 18.08.2022 21:47:31
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>