2022-2024-ші жылдары облысқа 875 миллиард теңге жаратылады
2022-2024 жылдарға арналған облыс бюджетін бүгін депутаттар мен өңір басшысының алдында облыстың бас экономисі жіктеп берді. Келер жылға республиканың қазынасынан бөлінген қаржы 117 млрд теңгеден асады. Оның басым бөлігі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы. Ал нақты өңірдің бюджеті - 246 млрд теңге.
Әлеуметтік қамсыздандыру мен еңбек нарығын дамытуға 10 млрд теңге бөлінді. Оның 5 млрд-ы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге жұмсалмақ. Үй құрылысы мен қайта жаңғыртуға 30 млрд теңге жаратылады. Ал 221 млн теңгеден аса ақша облыстық кітапхананы дамытуға жұмсалады. Келесі жылы өңірдің жолдарын жөндеуге 76 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаржыға жоспарланғандай, қала мен елді мекендерде, шалғай ауылдарда жол салынады. Үш ауылға 8 көше, 16 ауылға кіреберіс жолдары құрылысы жүргізіледі. Ақтөбе- Шалқар бағыттарына жолаушылар тасымалы жүзеге аса бастайды. Автобустар сатып алу үшін 420 млн теңге бөлініп отыр. Айта кетелік, қаражаттың тағы бір бөлігі Нұр-Ақтөбе ауданында өрт сөндіру депосын тұрғызуға, Шалқар көлінің түбін тазартуға, Бадамша ауылында өнер мектебі құрылысына, Хромтау ауданының Көктал ауылында мәдениет үйін салуға берілетін болды.
Количество показов: 570
Дата создания: 09.12.2021 18:34:57