№20 - шы мектеп - лицейінде тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті
Бүгін "Бүкіләлемдік азаматтық қорғау" күні қарсаңында қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен №20 - шы мектеп - лицейінде тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Құтқарушылар мектептен өрт шыға қалған жағдайдағы іс-әрекеттерін пысықтап көрді. Ғимараттан адамдарды эвакуациялау, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, төтенше жағдайды жою тәсілдері көрсетілді. Оқу-жаттығуды облыстық ТЖД өкілдері бақылап, баға берді. Мектепте алдымен дабыл соғылды. Дабыл даусын естіген оқушылар сыртқа қарай ұмтылды. Балаларды эвакуациялауға мұғалімдер мен құтқарушылар жұмылдырылды. Алдын ала әзірленген оқиға желісі бойынша сыныптарда бірқатар оқушы қалып қойған. Арасында зардап шеккендер де бар. Олар да тысқа шығарылып, алғашқы көмек көрсетілді. Мектеп ішінде ТЖД қызметкерлірінің қадағалауымен алғашқы әскери дайындық сабағында 10 - шы сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі, сондай - ақ, төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Қала бойынша 40 - тан астам мектептерге тактикалық оқу - жаттығуы өтті. Ал, облыс бойынша 300 - ден астам мектептерге ТЖД қызметкерлерінің бақылауынсыз төтенше жағдай орын алған кезде қауіпсіздік шараларын қолдана білу мақсатында дайындық жаттығулары өтіп жатыр.Количество показов: 744
Дата создания: 10.03.2023 12:02:40