164 жұмысшы жалақысын ала алмай жүр
"Жаңатас-Ақтөбе" ЖШС-нің барлық құқығы биыл жаз айларында "Темір тас 2017" ЖШС-іне ауысқан. Жалақы, салық, несие барлығын енді соңғысы төлейді. Кәсіпорын өкілдерінің сөзінше, 164 қызметкеріне 38 млн. теңге қарыз. «Temir Tas 2017» ЖШС 21 қыркүйекке дейін «Жаңатас-Ақтөбе» серіктестігінің қызметкерлері алдындағы қарызын өтеуге міндетті. Өзара келісе алмаған серіктестіктердің шешімін таппай отырған істері өте көп. Қос серіктестік те қиыршық тас өндірумен айналысады. Былтыр жұмысшыларына жалақы төлемей шу көтерген "Жаңатас-Ақтөбе" ЖШС-нің қазір бар, жоғын ешкім білмейді. Ақпанда жұмысшылары облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың қабылдауына барған. Сол кезде өңір басшысының орынбасары арнайы комиссия тексеру жүргізіп, инвестормен арадағы келісім-шартты бұзу үшін жұмыс атқарылады деп уәде берген. Арада жарты жыл өтсе де нәтиже болмай тұр. Құзырлы мекемелерден берілген жауап бойынша құзыреттілікті алған "Теміртас-2017" ЖШС-гі барлық қарыздарды 21 қыркүйекке дейін өтемесе, толықтай жабылуы мүмкін. Құжатта келісілгендей соңғы серіктестік жұмысшыларға қарыздарын қайтаруы тиіс. Ал, "Жаңатас-Ақтөбе" ЖШС-гімен арадағы мәселені сот арқылы шешуі қажет.
Количество показов: 1200
Дата создания: 06.09.2019 18:20:54