160 жолаушы Алматы мен Астанаға ұша алмай отыр
Кеше Алматы мен Астанаға ұшуы тиіс 160-қа жуық адам жолынан қалды. "Эйр Астана" компаниясы Ақтөбеде ауа райының қолайсыздығына орай рейстерді кейінге шегерген. Жолаушылар әуежайда әлі сенделіп жүр. Ұшаққа бүгінге билет алғандар бөгеліп жатқан жоқ. Ал кешелі бері діттеген жеріне жете алмай жүрген жолаушылардың ұшу-ұшпауы әлі белгісіз. Кеше 19-ші наурыз күні Алматы мен Астанаға ұшуы тиіс рейстерді "Эйр Астана" компаниясы Ақтөбедегі ауа райының қолайсыздығына орай ұшырмай тастады. "Эйр Астана" компаниясының Ақтөбе әуежайындағы өкілдері тек бір менеджер мен билет сататын кассирлер. Олар да мән-жайға қанық емес. Осы жағдайға байланысты "Эйр Астана" әуе компаниясымен байланысып, қандай да бір түсінік алу мүмкін болмады. Ал шығынға батқан жеке азаматтардан бастап, бүтін бір компаниялар заң көмегіне жүгінбек. |
Количество показов: 1758
Дата создания: 20.03.2014 18:07:58