15-қыркүйектен бастап емханаларға тіркеу науқаны басталады.
Қыркүйектің 15-нен бастап өңірімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Екі айға созылатын дәстүрлі науқан қарашаның 15-не аяқталады. Емханаға тіркелудің бірнеше әдісі бар. Алғашқы әдіс – тұрғындар Egov электронды веб-порталы арқылы жүргізіледі. Тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Медициналық ұйымды таңдауда басты ескеретін жайт – емхана үйден немесе жұмыстан 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқан жөн. Бұл дәрігер көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бәрінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.15 - ші қыркүйектен бастап облыстағы емханаларға тіркелу науқаны басталады. Осыған орай облыста 42 медициналық мекеме жұмыс жасайды. Оның 22 - і мемлекет құзырындағы мекемелер болса, 20 - ы жеке медициналық мекеме. Сондай - ақ, 14 - ші тамыздан бастап шетел азаматтарына өз еріктерімен облыстағы емханаларға тіркелуге рұқсат берілген болатын.Емханаларға тіркелу науқаны 2 айға созылады. Яғни, тұрғындар үйлеріне жақын маңдағы медициналық мекемелерге қарашаның 15 - не дейін тіркеліп үлгере алады. Бүгінде 925 мың 389 адам тіркелген.
Количество показов: 459
Дата создания: 14.09.2023 03:02:45