139 оқушы облыстық наркологиялық диспансердің есебінде тұр
Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтары былтырғы жылдың қараша айынан бері нарколог-мамандардың семинар-тренингтеріне қатысып жүр. Бүгін басталған 9-шы семинарда педагогтар «Жасөспірімдер алкоголизмі» тақырыбында дәріс алып, зиянды әдеттерге бейім оқушыларды ажыратуды, олармен жұмыс жасауды үйренді. Дәрігер-нарколог Сәуле Бекетованың айтуынша, жеткіншектің темекі, ішімдік немесе нашаға әуестігін өзін-өзі ұстауы, сөз саптауы және іс-әрекетіне қарап, аңғаруға болады. Білім беру мекемелерінде сыра ішетін, шылымқұмар оқушыны анықтау сынып жетекшісі мен мектеп психологына жүктелген. Олар әдетте, шәкірттері арасында жасырын сауалнама жүргізіп, тәуекел топты анықтап алады. Кейін солармен үгіт-насихат шараларын өткізеді. Мұғалімдердің ойынша, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ ұстау үшін, сабақтан тыс түрлі үйірмелерге, спорт секцияларына көбірек қатыстыру керек. Қазір облыстық наркологиялық диспансерде зиянды әдеттерге жақын 139 жасөспірім профилактикалық есепте тұр. Мектеп психологтары келесі семинарға енді ақпан айында жиналады. Онда жасөспірімдер арасындағы тағы бір кесел-нашақорлық және токсикомания проблемасы тақыланатын болады. |
Количество показов: 2136
Дата создания: 16.01.2014 19:44:22