12 Қытай азаматы 10 тәулікке қамалды
12 Қытай азаматы Ақтөбеде заңсыз жұмыс жасап келген. Олар 10 тәулікке қамалатын болды. Олардың қолында рұқсат құжаттары болмай шықты. Елге іскерлік визамен келген. Серіктестікке жалданып құрылыс жұмыстарын жасаған. Шетел азаматтарына қатысты іс әкімшілік сотқа жолданды. Бұған дейінгі заңнама бойынша заңсыз жұмысқа тартылған шет елдіктер ел аумағынан шығарылатын. Қазір жаза жеңілдетілді. Алайда шет ел азаматтары қайта заң бұзатын болса олар 10 тәулікке қамалғаннан кейін, елден шығарылады. Былтыр қалада заңсыз жұмыс жасаған 130 шетелдік анықталса, биыл алты ай ішінде гастарбайтерлер саны 150-ден асты. |
Количество показов: 4290
Дата создания: 26.07.2012 19:04:18