№12 бағыттағы автобустарға бейнекамералар орнатылды
№12 бағытта екі айдан бері жаңа автобустар қатынап жүр. Жылы, әрі кең көліктер жолаушылардың көңілінен шықты. Автобустар алғаш жолға шыққанда қуаныштарын жасыра алмай, алдынан шашу шашып шыққандары да болыпты. «Троллейбус паркі» басшылығы жолаушылар үшін осы автобустардың қолайлылығын еселей түсуде. Басты артықшылық - бұл көліктерде бейнекамералар бар. Бақылау құралының тигізер пайдасы өте көп, дейді кондуктор Айдын Сағынов. Бір автобустың ішіне қос камерадан қойылған. Тағы біреуі көліктің артқы бөлігін бақылауда ұстайды. Алғашқы екеуі іштегі тәртіпті қадағалайтын болса, сырттағы камера жолдағы келеңсіздіктерді түсіріп алады. Бұдан бөлек, жүргізушілер бейнетіркегіш және монитормен қамтылды. Мекеме басшылығы болашақта бүкіл автобусты бақылау құралдарымен жарақтауды жоспарлап отыр. «Троллейбус паркінде» қазір 13 бағытта 100-ден астам көлік жолаушы тасымалдап жүр. |
Количество показов: 1985
Дата создания: 15.01.2014 19:07:00