10 000 тұрғыны бар Ақжарлықтарды қалаға жалғыз автобус тасып жүр.
Жергілікті тұрғындардың айтар назы көп. Әйтсе де жиналысқа қатысқан адам саны аз. Себебі әкіммен кездесу жайлы алдын ала хабарландыру болмаған. Ақжарлықтар үшін қоғамдық көлік мәселесі маңызды. Олар қаладан қатынайтын 42-ші бағыттағы автобусты ұзақ уақыт күтетіндерін жеткізді. 10 мың халқы бар ауыл тұрғындарын жалғыз автобус тасымалдар жүр. Тұрғындар әкімнен 42-ші бағыттағы автобустың Қонаев көшесіндегі емханаға аялдауын сұрап бірнеше рет хат та жазған. Науқас адамдар емханаға жету үшін екі автобусқа отырып барады. Ауылдағы аялдамалардың арасы да ат шаптырым, бір шақырымнан асып кетеді дейді ақжарлықтар. Көктемде төменгі ауыл жылда суға кетеді, еріген қар суы талай үйлерге кіріп, талай қабырғаларды құлатқан. Алматы ауданының әкіміміен кездесуге Ақжардың арғы жағындағы ауылдардың тұрғындары да келіпті. Олар да аудан әкімін сұрақтың астына алды. 3 жыл бұрын "Сарбазға" газ тартты. Бірақ көгілдір отынның қызығын әлі көре алмай отырмыз. Құбыр бар, газ жоқ дейді саяжай тұрғындары. Ақжар ауылының тұрғындары бұл жерге үй салып көшіп келгенімізге он жылдан асып кетсе де , орталық бір екі көшеге ғана асфальт төселді. Қыста қар қалың жауған күндері қалаға жете алмай қаламыз. Қар тазалайтын техника да жоқ деп отыр. Ал "Алматы " ауданының әкімі Медет Ысқақов биыл бірнеше көшеге қиыршық тас төселетінін айтты.Соңғы кездері ауылда жарық та жиі сөне беретін болыпты. Мәселе жақын арада шешілуі тиіс. Аудан әкімінің айтуынша, ескірген трансформатрлар ауыстырылып жатыр. Сондықтан бұл уақытша қиындық деп, тұрғындарды сабырға шақырды. Қазір Ақжардың ішкі жолдарына қиыршық тас төсеуге 16 мердігер компания жұмылдырылыпты. Содан кейін бұл ауылдарға 18 жаңа аялдама салынатын болады.Количество показов: 387
Дата создания: 02.11.2023 00:55:04