1-ші сынып оқушыларына қате екпе салған медицина қызметкерлері жұмыстан шығарылды
1-ші сынып оқушыларына қате екпе салған медицина қызметкерлері жұмыстан шығарылды. Ақтөбелік ата-аналардың үрейін ұшырған жағдай 13-ші қыркүйек күні болған. "Медикус центр" жеке медицина клиникасында жаппай екпе №74 жалпы білім беретін орта мектептің 1-ші сынып оқушыларына жасалған. Аталған клиниканың дәрігері мен медбикесі 42 оқушының білегіне алты жаста берілетін манту екпесінің орнына шатасып иыққа берілетін туберкулезге қарсы тірі вакцинаны салып жіберген. Оқушылардың барлығы қазір дәрігерлердің жіті бақылауында.Бүкіл елді дүрліктірген жағдай 13-ші қыркүйек күні "Медикус центр" жеке медицина клиникасының егілу бөлмесінде болған. 1-ші сынып оқушыларының білегіне медицина саласында 16 жыл еңбек өтілі бар Ардақ Карибаева есімді медбике манту екпесін салуы керек болған. Бірақ қателесіп, иыққа берілетін туберкулезге қарсы тірі вакцинаны 42 баланың білегіне егіп жіберген. Басында бұл балалардың ата-аналары ол жайында білмеген. Тек оқушылардың білектерінде жара пайда болып, кейбірінде іш өту секілді симптомдар байқала бастағанда ата-аналар сезіктенеді.
42 оқушыға салынған вакцина Үндістанда өндірілген туберкулезге қарсы тірі вакцина. Медициналық ұйғарым бойынша бұл вакцина туғаннан кейін балаға 6-7 жасында иықтан жіберілуі керек. Екпе егілген соң үш күн ішінде ойнап, орны біршама үлкеюі қажет. Мамандардың айтуынша, денсаулыққа кері әсері жоқ. Тек баланың туберкулезге қарсы иммунитетін күшейтеді. Аталған жағдай бойынша жеке клиникаға тексеру жүргізілуде. Комиссия құрамында құзырлы орган қызметкерлерімен бірге бірнеше ата-ана бар. "Медикус центр" жеке медицина клиникасы қазір оқушыларға дәруменді ем-дом шараларын жүргізуде. Балалар дәруменге толы аспен де қамтылған. Айта кетелік, келер жылдан бастап №74 жалпы білім беретін орта мектебі Қарғалы орталық ауруханасы құрамына өтетін болады. Жеке клиниканың лицензиясына қатысты дау қалай шешілетіні әзірге беймәлім.
Количество показов: 626
Дата создания: 29.09.2022 12:11:11
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>