№1-Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы бүкіл облысқа үлгі
Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығында бүгін Шұбарқұдықтағы №1 мектеп-гимназиясының ұстаздары семинар-практикум өткізді. Темір ауданындағы бұл мектептің іс-тәжірибесі соңғы 20 жыл ішінде көпке үлгі боларлық деңгейге жеткен. Мектеп бүгінде "Мәңгілік ел" идеясын ұштастыра оқытуда. Былтыр облыс мектептерінің жұмысын тексерген білім басқармасы мен облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы Шұбарқұдықтағы №1 мектеп-гимназия тәжірибесіне жоғары баға берген. Педагогтардың бала тәрбилеу, оқыту үрдісі өзгелерге үлгі боларлықтай деп танылған. Ал мектептің өзгелерден ерекшелігі шәкірттерінің шығармашылық жұмыстармен айналысуында және шығармашылық жұмыстардың қоғамдық сипат алуында. Ұлттық-мәдени құндылықтарды дәріптеу, насихаттау басты орынға қойылған. Балалар еңбек сабағында қолөнермен айналысады. Жаңа инновациялық идеялар экономика, физика, жаратылыстану, биология, математика пәндерінде де көрініс табады. Ол педагогтар Ақтөбеге өздерімен бірге ала келген мына көрмеден анық аңғарылады. Мектеп бизнес идеялар жобасына қатысып, жарты миллион теңге сыйақы алған. Білім ошағының өзгелерге үйретері көп. |
Количество показов: 3234
Дата создания: 04.03.2014 18:56:10