1-қазанда тұмауға қарсы екпе салу басталады.
Гигиенаны сақтау, науқас адамдардан аулақ жүру, медициналық маска тағу, отбасы мүшелері ауырған кезде тазалыққа көңіл бөлу, дұрыс тамақтанып, уақытылы ұйықтау. Мұның барлығы- аурудың пайда болу мүмкіндігін азайтады. Әйтсе де вирусқа бұл да тосқауыл болмауы мүмкін. Иммунитеті төмен адам инфекцияға бейім. Сондықтан тұмаудан сақтанудың тиімді жолы-вацина,-дейді мамандар.Биыл өңірімізге бюджет есебінен ресейлік "Гриппол" жеткізілді. Көрші елдің ғалымдары жасап шығарған бұл вакцина "Виктория", "Дарвин", "Австрия" штамдарын жоюға қауқарлы. Тұмау маусымы басталардан 2-3 ай бұрын вирустың осы штамдарына вакцинация жасалған. Эпидемия кезінде вирусқа қарсы препаратты профилактикалық шара ретінде қолдану ұсынылып отыр. Екпе салу науқаны 1-қазанда басталмақ. "Тұмаудан бөлек, бактериалдық инфекция, пневмония деректері көбеюі мүмкін. Бұл күннің суытуымен байланысты. Сондықтан мамандар адам көп жиналатын жерлерге бармауға, қолды жиі сабындап жууға, иммунитетті көтеретін тағамдарды тұтынуға кеңес береді.
Количество показов: 460
Дата создания: 25.09.2023 15:57:25