1 қаңтардан бастап газ қымбаттайды
Коммуналдық қызметтер бағаларын көтеруге кірісті. Қаңтардың бірінен бастап Ақтөбеде газ бағасы өседі. Жаңа жылда электр энергиясының құны да шарықтауы мүмкін. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мақұлдаса, «Ақтөбеэнергоснаб» мекемесі тарифті 7 пайызға көтеруге ниетті. Көгілдір отынның бір текше метрі енді халыққа шамамен 5,9 теңгеге таратылады. Бұл туралы бүгін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының баспасөз хатшысы Аймырза Жаманқұлов хабарлады. Газ таратушы мекеме өкілі мұны тауарлық газды тасымалдайтын «Интергаз Орталық Азия» компаниясы тарифтерінің өзгеруімен байланыстырып отыр. Іле-шала Ақтөбеде электр энергиясы да қымбаттауы мүмкін. «Ақтөбеэнергоснаб» мекемесі осы қызмет үшін тарифті 7 пайызға көтеруге ниетті. Коммуналдық мекеменің өтініші облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінде қаралып жатыр. Ақтөбеліктер қазір электр қуатының 1 киловаты үшін сағатына 8 теңге 5 тиын, заңды тұлғалар 14 теңге, 97 тиын төлеп жүр. Бұл тариф осы жылдың басында бекітілген болатын. |
Количество показов: 2175
Дата создания: 27.12.2013 18:39:03