"Қызыл ай" қоғамының облыстық филиалы көмекке мұқтаж 41 отбасының балаларына қысқы киімдер таратты
Бүгін "Қызыл ай" қоғамының облыстық филиалы көмекке мұқтаж 41 отбасының балаларына қысқы сыртқы киімдер таратты. Қыстық күртеше, пальто, аяқ киім сатып алуға 1 433 000 теңге жұмсалған. Айта кетейік, балалар киімдерді сауда орталығынан өздері таңдаған."Қызыл ай" қоғамы материалдық көмек жасаудан бөлек, әлеуметтік осал топтағы адамдарды қорғау мақсатында іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Күн сайын мекемеге келіп көмек сұрайтындар саны артуда. Алайда, оның барлығына бірдей жәрдемдесу мүмкін емес, дейді "Қызыл ай" қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Нұрлан Үдербай. Жылдың басында Біріккен Араб әмірліктерінің "Қызыл ай" қоғамы өкілдігі аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында біздің филиалға 2 миллион теңге көлеміне қаржы бөлген болатын. 200 мың теңгесіне аудан, ауылдардағы тұрмысы төмен отбастарына көмір жеткізілген. Қалада үйі өртенген екі отбасы көрпе-төсек, санитарлық-гигиеналық құралдар, ыдыс-аяқ, азық-түлік , балалар киімдерімен қамтылған. Оған 167 мың теңге көлемінде ақша жұмсалған.
Бұдан бөлек, көмекке мұқтаж тағы 41 отбасының балаларына 1 433 000 теңге қаржыға қысқы киімдер алып берген. Мұндай акциялар Қызыл ай қоғамында жиі ұйымдастырылып тұрады.
Количество показов: 636
Дата создания: 25.01.2023 13:09:43