"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы жалғасуда
Есірткі тасымалдау бойынша облыста тіркелген дерек аз емес. Бүгінге дейін ұсталған 12 азаматтан 10 келі есірткі заты тәркіленді. Қоғамдық жерде орын алған 52 қылмыстық істің 32-сінің беті ашылып, кінәлілер жазаланды. Алаяқтық ісі бойынша ақпан айының басында 30 жастағы ақтөбелік ұсталды. Ол 46 жастағы қала тұрғынының үйін жалға алып, тұрмыстық техникаларды ұрлап кеткен. Кінәсін мойындаған ол жалға берушіге 250 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Ұрлық әрекеттері қоғамдық көлікте жиі жасалады. Дәл осындай жағдай 29 қаңтарда 46- автобуста орын алды. 38 жастағы жолаушының сөмкесінен ішінде 50 мың теңге ақшасы бар әмиян ұрланған. Жедел іздестіру нәтижесінде 32 жастағы күдікті ұсталып, ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Егер қылмыс дәлелденсе күдікті 1000 АЕК мөлшерде айыппұл төлейді немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Әлеуметік желі дамыған заманда интернет дүкендермен байланысы бар, ем-домға қаражат сұрап жеңіл жолмен қалтасын қампайтқысы келетін интернет-алаяқтар да көп. Сондықтан полиция қызметкерлері банктік карта нөміріңізді құпия ұстап, құқық бұзу орын алған жағдайда 102 немесе 72-91-03 нөміріне қоңырау шалуды ескертеді.
Количество показов: 546
Дата создания: 08.02.2022 19:39:57