Құтқарушыларды даярлайтын өңірлік орталық ашылды
Ақтөбеде жұмыс сапарымен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко жүр. Ол бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен бірге құтқарушы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың өңірлік орталығын ашты. Құрашасай ауылында орналасқан ғимараттың материалдық -техникалық базасы мықты. Мұнда жылына 500-ге жуық маман оқытылады. Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарынан келетін мамандар 12 күн оқу курсынан өтеді. Пәтер жалдап, туыстарының үйлерін жағаламайды. Орталықта жатып оқиды. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған 36 орындық екі казарма, асхана, тіпті тренажер залы қарастырылған. Білім алушыларға мұнда бүкіл жағдай жасаулы. Ғимараттың алты оқу сыныбы, дәрісхана, психологиялық оңалту бөлмесі, әдіскер кабинеттері бар. Оқу бөлмелері мультимедиялық тақтамен, монитормен жабдықталған. Мәселен, мына интерактивті тренажер арқылы құтқарушылар өртке оранған пәтерге жетудің амал
|
Количество показов: 2029
Дата создания: 12.12.2013 19:04:51