Құтқарушылар тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді
Кеше Павлов көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде 10-11 жастағы екі бала газға уланып қалған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен белгілі болды. Абырой болғанда балалар дін аман. Бірақ, ата-аналардың осылай балаларды қараусыз қалдыруынан, үйді жылыту, ас пісіру кезінде қарапайым қауіпсіздік шарттарын сақтамауы салдарынан орны толмас қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Ал құтқарушылардың халыққа ескертуінің кемі жоқ.Жыл басталмай жатып Ақтөбеде 19 өрт оқиғасы тіркелген. Одан келген материалдық шығын 2 миллион теңге. Тілсіз жау екі адамның өмірін жалмады. Рейд жұмыстары әлі жалғасады. Әсіресе жеке тұрғын үй секторында мұндай шараларды жүргізіп тұру маңызды, дейді төтенше жағдайлар қызметкерлері.
Количество показов: 595
Дата создания: 13.01.2023 14:03:45