Өңірімізде коронавирусқа қатысты эпидемиялогиялық жағдай тұрақты. Бүгінге дейін 3346 адам ревакцинация алып үлгерген. Өткен тәулікте КВИ-ді 2 тұрғын жұқтырып, ауру симптомдары анықталды. Қазіргі таңда үй карантиніне 1027 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. Былтыр наурыздан бері індетке шалдыққан ақтөбеліктердің жалпы саны 34 915 адамға жетті. Оның 76,4 пайызы ауру симптомымен тіркелген. Осы уақытқа дейін коронавирустан ауырғандардың 98,4 пайызы жазылып шықты. 11 адам жан сақтау бөліміне, ал 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Инфекциялық ауруханаларда 67 науқас емделіп жатыр. Инфекциялық кереуеттер саны 35 пайызға , ал реанимациялық кереуеттер 29 пайызға толы. Пфайзер вакцинасы бойынша барлығы 2892 адам егілген. Оның 154-і жүкті әйел, емізулі баласы бары - 962, ал 1767-сі жасөспірімдер. Коронавирус індетін тестілеу үшін 12 зертхана жұмыс істеп тұр. Соңғы тәулікте 644 адам ПТР тест тапсырған. Ақпан айынан бері өңірге 918 мың доза вакцина жеткізілді.
Количество показов: 558
Дата создания: 13.12.2021 17:46:30
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>