Құрылыс компаниясы жұмысшыларды қысқартпауға келісті
"Нектар" өндірістік кооперативінде 360 адам жұмыс істейді. Соңғы 2 жылда жұмысшылар саны қысқармаған. Бұл туралы өндірістік кооператив төрағасы Шамиль Каспранов баяндады. Соңғы 15 жылдың ішінде 20 қызметкер жеңілдетілген баға бойынша баспанамен қамтылған. Кооператив төрағасы өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Бүгін қалалық әкімдік, облыстық кәсіподақ орталығы мен "Нектар" өндірістік коопериві арасында меморандум жасалды. Маңызды құжат аясында өндірістік кооператив еңбек ұжымын сақтап, жұмыс қарқынын төмендетпеуі тиіс. Жиын соңында қала әкімі Ілияс Испанов құрылыс саласында жұмыс істеп жүрген 5 нәзік жандыны құттықтап, оларға алғыс хат табыстады. "Нектар" өндірістік кооперативі әлеуметтік жауапкершілік негізінде қалада 2 балабақша мен жеке мектептің құрылысына атсалысқан. Жұмысшылардың орташа айлығы 150 мың теңге,-дейді кооператив төрағасы.
Количество показов: 2003
Дата создания: 03.03.2017 18:15:52